Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Айжанова жас отбасыларға ақша жинаудың жолын үйретті

Опубликовано:

Белгілі әнші, актриса, тележүргізуші Жанар Айжанова жас отбасыларға ақшаны қалай жинау керегін айтып, кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/Zhanar_Aizhanova
Фото: Instagram/Zhanar_Aizhanova: Instagram

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ол келін мен баланың ақшасына араласу кезінде отбасында жанжал болатынын жеткізді.

"Жасыратыны жоқ қазір жастар табыстарын өздері ұстайды. Бірақ көбісі не болса соған ретсіз жұмсап, бекерге ақшаларын құртып жатады. Дайын асхананың тамақтарын алып жейді болмаса, тапсырыс беріп бірдеңелер ала салады", - деді Жанар Айжанова.

Әншінің сөзінше, осындай жағдайда өмірден жиған- тергені бар ененің жастарға ақылы ауадай қажет.

"Бұл жағдайда жас келін енеге міндетті түрде құлақ түргені дұрыс. Мысалы ақшасы бар бірақ, тамақ істеу үшін күнде штуктап окорачка алып жүрген келінге енесі 10-15 келіден ет алып, содан түрлі тамақ істеуді үйретсе қандай керемет. Бір жағынан эконом әрі табиғи үйдің таза тамағын жейсің. Қалған ақшаны үй, көлік алуға немесе өз балаларының болашақ оқу, жүріп тұруына тиындап жинауды үйретер еді", - деді өнер иесі.

Жанар Айжанова "жастар баламыз жас, олар өскенше ақша жинап үлгереміз" деп ойлайтынын жасырмады. Әншінің сөзінше, бұл дұрыс емес.

"Аналарымыз айтып кеткен "алты жастан жинасаң асар, жеті жастан жинасаң жетіп жығылар" деп. Қазір баяғыдай кететін қызға деп сандық толтырып дүние жинамайды. Ақшаң болса дүкенде, базарда бәрі бар. Сондықтан жас отбасы табыстарының 10 пайызын ерінбей жинап отырғаны дұрыс деп ойлаймын", - дейді ол.

Әртіс ене әр нәрсені ушықтырмай дер кезінде түсіндіріп айтып, шешуін тауып отырса отбасының берекесі нығая беретінін айтады.

"Мен келін түсірмесем де жан-жағымдағы бауырларымның келін балалары түгел қанатымның астында деп айтар едім. Соларға білгенімді үйретіп жүріп, енелеріндей болып кеттім.
Талай даудың басын қайтарып, ынтымақтарын сақтап қалуға үлесімді қостым. Құр айқай-төбелеспен ештеңе де бітпейді. Бір шаңырақтағы екі әйелдің ауызбіршілігі арта берсін. Ұйытқы мықты болса - айран ірімейді", - деп сөзін қорытындылады Жанар Айжанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811282-zanar-ajzanova-zas-otbasylarga-aksa-zinaudy-zolyn-jretti/

pixel