RU
Жансақтау бөлімінде жатқан Индира Расылхан есін жиды (фото)

Жансақтау бөлімінде жатқан Индира Расылхан есін жиды (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыдан он күні бұрын ота жасататынын айтып, көпшіліктен өзі үшін дұға етуін сұраған Индира Расылхан есін жиған. Күні кеше отасы сәтті өтіп, жансақтау бөлімінде жатқан әнші Insta-stories-іне аурухана төсегінен сурет жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан. Фото: Әншінің insta-stories-інен. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Индира Расылхан. Фото: Әншінің insta-stories-інен. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айта кетсек, тамыз айының 7-і күні өнер иесі өзінің басына тағы да қиыншылық түсіп, ота жасатқалы жатқанын көпшілікке баяндап берген еді.

"... Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын! Мен сіздермен біргемін. Шексіз махаббатымсыздар Қазақ елі", - деген болатын әнші.

Ал осы жазбадан соң арада тоғыз күн өткенде, Индира Расылханның көмекшісі желідегілерге отаның сәтті өткенін хабарлаған.

"Аллаға мыңда бір шүкір! Индира ханымның отасы сәтті аяқталды. Қазір жансақтау бөлімінде! Толассыз келген хаттарыңызбен, тілеген тілек, дұғаларыңызға Алла разы болсын! Көрерменінің шынайы тілекшісі екені, құрбыларының, әріптестерінің ішінде беделді екені осыдан-ақ көрініп тұр...", - деп жазды Арай есімді әншінің көмекшісі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
7
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel