RU

Қызылорда екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

Қызылорда қаласындағы екі қабатты тұрғын үйде газ баллонынан газ таралуы салдарынан жарылыс болды деп хабарлайды. Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Kyzylorda-news.kz.

Фото: kyzylorda-news.kz
Фото: kyzylorda-news.kz: Facebook

Оқиға 15 тамыз күні сағат 13.40-та орын алған.

Ведомствоның мәліметінше, Әлихан Бөкейхан көшесіндегі 45 үйдің екінші қабатында орналасқан үшінші пәтерде редуктордағы ақауы салдарынан 27 литрлік баллоннан газ ауаға таралған.

Нәтижесінде ол жанусыз күйдегі жарылысқа себепші болған.

Фото: kyzylorda-news.kz
Фото: kyzylorda-news.kz: Facebook

Оқыс оқиға салдарынан 1942 жылы дүниеге келген азаматша күйік жарақатын алған.

"Ол қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді. Сондай-ақ, "Апаттар медицинасы орталығы" филиалының қызметкерлері осы үйдің тұрғындарына медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
Ал тұрғын үйдің №1, 3 пәтер тұрғындары туысқандарының үйлеріне орналастырылды", - деп хабардар етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: kyzylorda-news.kz
Фото: kyzylorda-news.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811296-kyzylorda-eki-kabatty-trgyn-jde-zarylys-boldy.html