RU
"Бұл пиар": Дадашевтің қарсыласы оның өлімінен кейін гонорардан бас тартпаған
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Бұл пиар": Дадашевтің қарсыласы оның өлімінен кейін гонорардан бас тартпаған

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал спортшы Максим Дадашевтің жары оны ауруханада қандай күйде көргенін айтып, сүйіктісінің соңғы демі таусылғанша қасында болғанын айтты. Оған қоса, Елизавета Апушкина күйеуінің өлімінен кейін оның қарсыласы гонорардан бас тартқанын жоққа шығарды деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Марқұм боксшының келіншегі Субриэль Матиас жекпе-жектен кейін гонорардан бас тартпағанын жеткізіп, бұл мәлімдемесін пиар үшін жасағанын бетіне басты.

"Оған ауруханаға келгенімде бірден дәрігерлерден мүмкіндік бар ма екенін сұрадым. Маған жоқ екенін айтты. Палатасына кірген кезде оның денесіне сансыз сымдар жалғанғанын көрдім. Мен бұл апараттарға қарап тұрғанымда оның қан қысымы төмендеп бара жатқанын аңғардым. Дәрігер маған бұл жағдай оның қазір қайтыс болатынынын білдіреді деді.

Маған оның қасына отыру үшін орындық берді. Ман сүйіктімнің соңғы демін көрдім. Бұл менің өмірімдегі ең қорқынышты күн болып қалады.

Субриэль Матиас гонорардан бас тартты? Жоқ, бұл бар болған пиар. Жекпе-жекті ұйымдастыратын адамдар бұған әлдеқайда кәсіби тұрғыда қарау керек. Боксшы жағдайы жақсы екенін айтса, ол ешқандай мағына бермейді. Кінә адамдардан да бар. Біз қантөгіс пен айқасты жақсы көреміз. Жекпе-жекті адамдар көрсін деп тоқтатпады.

Әзірге тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен кейбір жайттардың бетін аша алмаймын. Алайда, бір нәрсе айтқым келеді. Мен кінәлі адамдардың тиісті жаза алуына қол жеткізетін боламын" , - деді Апушкина "Матч ТВ" арнасының эфирінде.

Айта кетейік, Дадашев 23 шілде күні өткізген жекпе-жегінен кейін қайтыс болды. Оның өліміне кездесуде алған жарақаттары себеп болған. Спортшы комаға түсіп, сол қалпы оянбай көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel