RU
Тоқаев 12 жылдық білім беруге қатысты үкіметке тапсырма берді
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев 12 жылдық білім беруге қатысты үкіметке тапсырма берді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге қатысты тапсырма берді. Президент жаңа жүйе бірқалыпты және ойластырылған болу керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тоқаев орта білімді дамытудың стратегиясын анықтау қажеттігін айтты.

"Бүгін әлемде 12 жылдық білім беруге есептелген жалпы орта білім берудің белгілі бір стандарты қалыптасты.
Бастауыш мектепте оқыту ұзақтығын арттыру тенденциясы сақталуда, әлемнің 60% мектептерінде білім беру алты жастан басталады, ол баланың ерте интеллектуалды дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Мен үкіметке 12 жылдық білім берудің жаңа моделіне ойластырылған, бірқалыпты көшуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Мен 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында "ойластырылған және бірқалыпты" екенін атап өткім келеді", - деді президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы мұғалімдерді әртүрлі іс-шараларға пайдаланатын әкімшілікке шүйліккен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel