Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымды мектептердің мәселесін көтерді

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен мұғалімдердің тамыз кеңесінде елдегі үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілуі тиіс екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Finnbarr Webster / Stringer / gettyimages
Фото: Finnbarr Webster / Stringer / gettyimages: Facebook
"Үш ауысымды және шағын мектептер мәселесін шешу қажет. Бүгінде жалпы білім беретін 14 мың мектептің 128-і үш ауысымды және 31-і апатты жағдайда.
Республикалық бюджеттен 2019-2020 жылдарға үш ауысымды мектептерді жою үшін 35 мектеп пен 7 апатты жағдайдағы оқу ордасының құрылысын бастау қарастырылған.
Тәуелсіздік жылдарында 1198 мектеп соғылды, халықтың өсуімен байланысты демографиялық тенденцияларды ескере отырып, біз әрі қарай да мектептерді модернизациялап және құрылыс жұмыстарын жалғастыра береміз", - деді президент.

Оның айтуынша, БҒМ мектеп құрылысына арналған шығындарды жоспарлау тәсілдерін қайта қарау керек - нысаналық жоспарлаудан нормативтік жоспарға көшу қажет.

Бұл ретте әкімдіктер өңірдегі демографияны және көші-қонды үнемі бақылап отыруы, содан кейін жаңа мектептердің қажеттілігін, сондай-ақ бар мектептердің жөндеуін уақытында бағалауы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев 12 жылдық білім беруге қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811332-tokaev-s-auysymdy-mektepterdi-mselesin-kterdi/

pixel