Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Мұғалімдердің демалысы 56 күнге көбейтіледі

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Мұғалім мәртебесі" жөніндегі заң жобасында келтірілген ұстаздарға қолдау білдіру шаралары жөнінде айтып берді. Президент мұғалімдердің демалысы енді 56 күнге дейін көбейтілетінін және дәптерлерді тексеру үшін екі есе қосымша төлем болатынын мәлімдеді деп KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Тағы оқыңыз:

Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге көбейтуді тапсырды>>

Тоқаев қазақстандық ата-аналарға жүгінді>>

Тоқаев мұғалімдерді әртүрлі іс-шараларға пайдаланатын әкімшілікке шүйлікті>>

"Педагогтарға қолдау білдіруге бағытталған "Мұғалімдер мәртебесі" жобасындағы аса маңызды шаралар: сынып жетекшілік пен дәптерлерді тексеру үшін екі есе мөлшерде көбейтілген қосымша төлем, барша мұғалімдер үшін демалыс кезеңінің 56 күнге дейін көбейтілуі мен магистр дәрежесі үшін қосымша төлем және т.б" , - деді президент.

Тоқаев заң жобасында мұғалімдерге артылған жұмысты азайту нормалары, оларға тән емес қызметтерге тарту мен шектен тыс есеп беруді талап етуге арналған тыйым шаралар қарастырылған.

Айта кетейік, президент алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейту туралы мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811343-prezident-mgalimderdi-demalysy-56-knge-kbejtiledi/

pixel