Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім және ғылым министрі Әліппені қайтаруға уәде берді

Опубликовано:

Еліміздің мектептеріне әліппе қай уақытта қайтарылатыны туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің тамыз конференциясында айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov
Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov: UGC

Министр ұстаздар мен ата-аналардың көптен бері әліппе мәселесін көтеріп жүргенін жасырмады.

Оның сөзінше, бұл мәселе өте маңызды.

"Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді Аймағамбетов.

Министр осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты.

"Әліппе сынақ өткізетін алаң емес. Бізде нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі.
Сондықтан ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз", -деді білім және ғылым министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811350-bilim-zne-gylym-ministri-lippeni-kajtaruga-ude-berdi/

pixel