RU
Бішкек қалалық соты Алмазбек Атамбаевты қамауда қалдырды (видео)

Бішкек қалалық соты Алмазбек Атамбаевты қамауда қалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Бішкек қалалық соты қамауда отырған елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертпейтін болды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бішкек қалалық соты Алмазбек Атамбаевты кем дегенде 26 тамызға дейін қамауда ұстау туралы Первомай аудандық сотының шешімін күшінде қалдырды.

"Сот аталған шешімді шығара отырып көптеген заңнамалық актілерді бұзды. Соның ішінде экс-президенттің қызметіне кепілдік туралы заң бұзылды", – деп мәлімдеді қорғаушы Сергей Слесарев.

Белгілі болғандай, заңгер Бішкектің Первомай аудандық сотына қорғалушысының тұтқындалуына байланысты шағым түсірген.

"Заң бойынша экс-президенттер тұтқынға алынбауы керек", – деген қорғаушы шағымның жұма күні жергілікті уақытпен 16:30-да қаралатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel