RU
"Шапалақпен бір ұрды": Сәдуақасова өзінің қалай алданғанын айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Шапалақпен бір ұрды": Сәдуақасова өзінің қалай алданғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Мадина Сәдуақасова өзін сұхбатқа шақырған жүргізуші жігіттің режиссерден таяқ жегенін айтып қойды. Әнші түсірілім барысындағы режиссердің бассыздығы жайлы "Жеңіс шоу" бағдарламасында баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәдуақасова

Сәдуақасова

Мадинаның айтуынша, бағдарлама жүргізушісі жаңадан келген жас жігіт болған.

Өнер иесі тосын оқиға орын алған сәтте не істерін білмей, сасып қалғанын жасырмады.

"Мені сұхбатқа шақырған жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп отырғанмын. Жүргізуші жаңадан келген екен. Сөйтсем, мен оның ұйымдастырылған ойын екенін білмеймін.

"Мадина, қара мынау біздің жаңа жүргізуші" дейді. "Жарайды" деп отырмын.

Бір кезде режиссер жүгіріп келіп, "Олай емес, былай айту керек" дейді. Сосын мен жаңа жүргізушіге көмектесіп жатырмын. Ол қара терге түсіп кеткен. Тек бір сөзге келгенде ғана мүдіріп келеді.

Мен "Өз сөзіңмен айта бер" деп қоямын. Бір кезде режиссер жүгіріп келді де, жүргізушіні шапалақпен шатаңқ еткізді.

Мен отырмын "Кеттім мына жерден. Мынау не деген сұмдық. Телевидение қандай жағдайға жеткен. Өзінің тележүргізушісін..." деп шошып тұрғанда, "Бұл ұйымдастырылған ойын" деп гүл берді ғой", - деп күлді Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, Мадина Сәдуақасова соңғы уақытта өз образдарының көпшілікке ұнамай жүргенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel