RU
"Жаппай тазарту": Алматыда қарбыз бен қауын сатушыларды көшеден аластатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Жаппай тазарту": Алматыда қарбыз бен қауын сатушыларды көшеден аластатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері полициямен бірелесе отырып, қала көшелерінен қарбыз бен қауын сатушыларын, сонымен қатар қолдан жасалған және бақша өнімдерін саудалағандарды алып тастап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kikimov_maksat

Фото: instagram.com/kikimov_maksat

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кәкімов Instagram парақшасында "жаппай тазарту" туралы хабарлады.

Оның сөзінше, жабайы сауда базар мен супермаркеттерге жақын аумақта жасалады.

Кәкімов сатушылар тез салынған сөрелерден, кейде тіпті тек арбашалардан, қораптардан немесе дүкендерден сауда жасайтынын атап өтті.

Оның сөзінше, сатылым нүктелері санитарлық нормаларға сәйкес келмейді екен: олар қоқыстанып қалған.

Бұдан бөлек, әкім сатушылардың гигиенаның барлық ережелерін елемейтінін алға тартты. Заңсыз саудагерлердің медициналық тексеруден өткені туралы ешқандай рұқсат құжаттары, санитарлық кітапшалары және арнайы киімдер жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel