Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара теңіз": КТК арнасы жаңа телехикаяны ұсынады

Опубликовано:

Адамдар неге жылайды? Арамызда бауырмалдық неге қалыптаспай келеді? Тертедей шолақ өмірін әлдекімдер неге қырғи қабақ, ұрыс-керіс,алыс-жұлыспен өткізуге құмар? Буырқанған ашуға толы долы кекті, сақылдаған қастастықты әншейін нәрсе деп қарауға бола ма? Бір-бірін тілерсектен қағып, аяқтан шалуы, көз алартып мүйіздесуі, қияңқыланып жұлқысуы, кек сақтап есе қайтарысуы, жек көрісуі – неден, не жетпейді? Бұл сұрақтың жауабын таяуда КТК арнасынан көрсетілетін «Қара теңіз» телехикаясынан табасыз.

сериал
Фото: КТК: Twitter

Қара теңіз – жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы су айдыны.  

«Мінезің Қара теңіздей болсын. Ешкімге дес бермейтін асау, тұңғиықтай терең бол. Сонда теңіздің асау толқындарына қарсы тұра аласың. ... Осы өлкеде дүниеге келген екенмін, ендеше Қара теңізге тартпауым мүмкін бе? Теңізде туып, жағада өлетін теңіздің асау толқыны емеспіз бе? Біз мықты толқын мен ұшар басына бұлт жинаған заңғар таулардан қаймықпайтын осы өлкенің ұланымыз. Қатты толқынға төтеп беруді онсыз да білеміз. Тек мына әлемдегі зұлымдыққа қарсы тұра аламыз ба? Қара теңіз айдынына қатыгездер келсе, істеу керек? Естуімше, Қара теңіздің үміті үзілгенде сәтте қайсар мінезін көрсете біледі. Маған осы өжет мінезің жайлы айтып берші, Қара теңіз» - деп басталатын телехияда керегесі кең, терезесі тең өмірімізде бірлі-жарым бой көрсетіп қалатын адам қатігездігінің куәсі боласыз.

КТК арнасы ұсынатын «Қара теңіз» телехикаясы бір қарағаннан-ақ адамды баурап, еліктіріп әкетеді.  Бас тақырыбы әйел тағдыры болғанымен, әр сериясын қараған сайын жүрегіңнен қан ағызатын қатыгездік бар. Алапатқа душар еткізген жауызға мың лағнет айтасың. Егер зәуде қолыңа түссе, сол қып-қызыл оттың ортасына лақтырып тастағың келеді. Сол жауыз қолыңа түссе, ағаштың басына аспаққа асып тастағың келеді. Бірақ, ондай жауыздар сонымен құри ма?

сериал
Кадр: КТК: Twitter

«Қара теңіз» хикаясында барлық кейіпкер қиын сынақтан өтеді. Сегіз жыл бойы қатыгез жұбайының қорлауы мен соққыларына төзуге мәжбүр болған әйел өмірін түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдауға шамасы келе ме? Тағдырын өзгерте ала ма? Тұрып жатқан бүкіл аймақ жауыз күйеуіңнің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса қайтер едің? Оның ықпалына, қастандығына төтеп бере ала ма?

Жазықсыз жапа шеккен әйел. Қосақ арасында бос кетіп, мүгедек бола жаздады. Оны бұл күйге түсірген парықсыз, жалған намыс, арам ниет, ашутастай ашу, келімсек кек еді.

сериал
Кадр: КТК: Twitter

Әсіресе, ессіз ашуға дес беріп, көзді жұмып теңізге ұмтылатын пенденің қылығы налытады. Тыз етпе ашудың соңы неге апарады? Оң қолың ашу шақырса, сол қолың араша түссін деуі бекер емес-ті.

Зорлық пен қорлық көрген әйелдің жүрегіне намыс отын маздатып жаққан кім? Сорлы әйелді қамқорына алған кім?

Телехикаядан түркиялық қаратеңіздіктердің табиғатын, болмысын танисың.  Қара теңіз жағалауының тұрғындары Түркияның басқа өңіріндегі жұрттан бөлек пе дерсің – намысқой, тәкаппар, қайсар.

сериал
Кадр: КТК: Twitter

«Біз – қаратеңіздікпіз, досқа қиянат жасамаймыз, дұшпанымызды аямаймыз». «Біз – қаратеңіздікпіз, көмек сұраған дәрменсіз адамнан бас тартпаймыз. Ешкімнің намысын таптатпаймыз» деген сөзді жиі естисің.

«Қара теңіз» телехикаясында оқиғалар бірінін соң бірі қарқынды дамып отырады.  Аталмыш телехикаяны қараған көрермен «шындығында, мен мұндай қатал мінезді қатігез кейіпкерді  ешбір жерден көрген емеспін» дейді. Бас кейіпкердің қатыгездігі кімнің болсын жүрегін тітіркендіреді. Жалпы, адам бойындағы ең жаман және ең асыл қасиеттерді КТК арнасында "Қара теңіз" сериалынан көресіз.

сериал
Кадр: КТК: Twitter

Бір-бірін тілімен шағып алатын ене мен келін арасындағы қарым-қатынас та көрерменге таныс. Езу тартқызады. Бұл да бізге жақын дүние. Іс жүзінде «Қара теңіз» жер бетінде отпен ойнағандарды ойлантады.

сериал
Кадр: КТК: Twitter

Аза бойың қаза болып, жаныңды өзің де түсіне бермейтін екек, мүлдем белгісіз, танымайтын әлдекімге деген кіжініс билеп кететіні бар. КТК эфирінде таяуда болатын «Қара теңіз» хикаясы өмірде сирек кездесетін ағаттықтан мысал келтіреді. Егер жалғыз-жарым қылмыс жасаушылар болса, оның қай-қайсысы да жоғарыда айтылған арам ниеттің сойқанды нәтижесі дер едік. Олай болса, көңілге ауыр тиіп, намыс шақыратын сөздерді айтпауда қандай жауапкершілік керек болса, «Қара теңіз» сондай төзімділік, салқынқандылыққа тәрбиелейді. Дегенмен болар-болмасқа шаптығып: «Намысыма тиме, намысың қайда, ойбай, жауабын қайтармайсың ба», - деп күйіп-жанып жүргендер жандарға «Қара теңіз» сериалы өз жауабын береді. Әр минутымыз, әр күніміз қымбат. Оның қымбапттылығын жайшылықта елеп-ескермейміз. Сол себепті де КТК телеарнасы ұсынатын «Қара теңіз» арқылы қалың қауым замандастарымызға жолдаған тілегін жеткізуде өзімізге мақсұт санадық.

Автор: Заира Сабитова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811384-kara-teiz-ktk-arnasy-zaa-telehikaany-synady/

pixel