RU
"Қызтеке ғой деймін": Ринат Малцагов өзін сынға алатындар жайлы айтты

"Қызтеке ғой деймін": Ринат Малцагов өзін сынға алатындар жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Ринат Малцагов өзін қатаң сынға алып, теріс пікір білдіретіндер жайлы айтып берді. Өнер иесі сырт келбетіне қарап тон пішетіндердің бұл әрекетін қалай қабылдайтынын да жеткізді деп жазады "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол мұндай пікірлерге мән бермейді екен.

"Талай рет айтқан ғой. Әсіресе Superstar байқауынан кейін Ринат "Біртүрлі екен. Қызтеке ғой деймін" деп жиі айыптайтын. Шыны керек сондай да болды.
Біз ол кезде 17-18 жаста ғанамыз. "Неге олар өйтеді? Мені білмейді ғой" деп, ол кезде қатты қабылдадым", - дейді Ринат Малцагов. 

Сондай-ақ, әнші достарының кеңесімен мұндай қауесеттерге мән бермеуді үйренгенін атап өтті.

"Жанымда жүрген достарым "Ой, оларға мән берме. Сен әртіссің ғой. Әлі қаншама сөз айтады саған" деді. Міне сол кезден бастап, ондай сөздерді сабырлы қалыпта қабылдайтын болдым. Жарайды, айта берсін", - деді Ринат Малцагов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel