Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарғыс тиген": Ұзақ жыл бала көтере алмаған әйел дертінен қалай айығып кетті?

Опубликовано:

Халық емшісі Айсара Өтебайқызы қарғыс тиіп, ұзақ жылдар бойы бала көтере алмаған елордалық келіншекті дертінен қалай айықтырғанын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Instagram

Емшінің айтуынша, әйел төрт рет экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) арқылы бала көтеруге талпынса да, нәтиже болмаған.

30 жасқа толмаған келіншектің бірінші некесінен бір ұлы болған. Бірақ екінші рет тұрмысқа шығып, ұзақ жыл бала көтере алмапты.

"Амалы таусылған әйел маған келді. Бұрынғы күйеуімен арасында өкпе-реніш көп болған әрі бойында қарғыс та бар. Сондықтан ем қонбаған.

Бұл әйелді 30 күн бойы құран сүрелерін оқып, емдедім. Бойындағы қарғысты қайтардым.

Осыдан соң ол анадан жаңа туғандай әсерде болып, сауығып кетті. Қазір аяғы ауыр. Декреттік демалыста жүр", - дейді Айсара Өтебайқызы.

Сондай-ақ, емшінің пікірінше, қарғыс ашу-ызадан, зұлымдық, іштарлық және реніштен туындайды деген пікірде.

Адам қатты ашуға беріліп, ауыр сөздер айтып қалса, бұл сөз екінші адамға қарғыс болып тиюі мүмкін екен.

"Маған көп адам келеді. Себебі әртүрлі болады. Бірі қарғыс тиіп, денсаулығы нашарлап, талықсып құлай береді. Енді бір адам қарғысқа ұшыраған соң, жұмыс істеуге деген ынта-ықыласы, тамаққа тәбеті жоғалып, берекесі қашады. Оларды құран сүрелерін оқып, дем саламын", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811402-kargys-tigen-zak-zyl-bala-ktere-almagan-jel-dertinen-kalaj-ajygyp-ketti/

pixel