RU

Ұлымен бірге жоғалып кеткен қарағандылық әйел шіркеуден табылды

Еріктілер 18 шілде күні із-түзсіз жоғалды деп танылған 47 жастағы қарағандылық келіншек мен оның 5 жастағы ұлын әйел адамдарға арналған жабық шіркеуден тауып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Монах әйелдер, көрнекі фото: pixabay.com
Монах әйелдер, көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйел адам 2014 жылы дүниеге келген баламен серуендеуге шығып, қайта оралмаған. Іздестіру шараларына еріктілер мен іздестіру бөлімінің полицейлері қосылды. Іздестіру ісі ашылды.

Бір ай өткен соң келіншек пен баланың шіркеуде жасырынып жүргені туралы ақпарат пайда болды. Полиция мен еріктілер ол жерге барып, жоғалғандарды тауып алған.

Әйел адам өзінің сопы болу туралы шешімді не үшін қабылдағанын түсіндіре алмады. Шіркеудегі монах әйелдер келіншектің іздестірілуде жүргенін білмегенін айтты.

Қарағандылық тұрғын үйіне қайтарылды. Онымен психологтар әңгімелесуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811403-karagandyda-lymen-birge-zogalgan-jel-adam-sirkeuden-tabyldy.html