RU
"Ұлымды сабап тастады": Атамбаевтың әйелі мәлімдеме жасады (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Ұлымды сабап тастады": Атамбаевтың әйелі мәлімдеме жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса қазіргі билік оның отбасына қатысты "жаппай қудалау" шараларын іске асырып жатқанын айтты деп хабарлайды «Настоящее Время».

Раиса Атамбаева. Фото: azattyk.org

Раиса Атамбаева. Фото: azattyk.org

Раиса Атамбаева оның отбасының мүшелерін билік өкілдері аңдып жүргенін жеткізді. Тұтқындалған экс-президенттің жары үлкен ұлы Сейитбекті адам танымастай сабап тастағанын айтты. Әйел адам балдақпен әрең жүрген ұлын күнделікті МҰҚК қызметкерлері жауап алуға шақыра береді деп шүйлікті.

Одан бөлек, келіншектің айтуынша, биліктегілер оның жиенінің ізіне түскен.

"Үлкен ұлымның қайын атасының үйінде тінту жұмыстары жүргізілген. Тәртіп сақшылары еш ескертусіз атып кіріп, үйдің астан-кестенін шығарған" , - деді Атамбаева.

Атамбаева құқыққорғау органдары оған қатысты да қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Алайда, келіншек өзіне қатысты істің қай бап бойынша қозғалғанын әлі де білмейді.

Экс-президенттің әйелі Атамбаевты тұтқындаған коттеджге тергеу жұмыстары аясында сүргі салыну мүмкін деген қорқынышын білдірді. Бұл жайт орын алған жағдайда бұрынғы мемлекет басшысының отбасы далада қалмақ.

Сіздің реакцияңыз
4
5
1
4
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel