RU
"Тальгодағы" зорлау ісі бойынша сотталған экс-жолсеріктер сот үкіміне наразы

"Тальгодағы" зорлау ісі бойынша сотталған экс-жолсеріктер сот үкіміне наразы

Рассказать Вконтакте

Қостанай облыстық соты "Тұлпар-Тальго" пойызында болған қыз зорлау ісі бойынша бірқатар аппеляциялық шағым түскенін жеткізді. Бұл шағымдар жабық тәртіпте қаралады, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Соттың мәліметі бойынша, аппеляциялық шағымдарды Қостанай көлік прокуроры, жолсеріктердің біреуі, сотталғандардың қорғаушылары және жәбірленушінің өзі берген.

Аталған қылмыстық іс сот өндірісіне өткен. Жабық тәртіптегі қаралым 22 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

Еске сала кетейік, "Тұлпар-Тальго" пойызында болған қыз зорлау ісі бойынша екі жолсерік айыпты деп танылып, 2,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Қоғамда аталған сот үкімі қызу пікірталас тудырды. Көбісі бұл жазаны тым жеңіл деп тапты.

Сондай-ақ "ҚТЖ" "ҰҚ"АҚ басқарма басшысы Сауат Мыңбаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке жолаушыны зорлаған жолсеріктерге қатаң жаза тағайындау туралы өтініш жасады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel