RU

Қазақстан парламентіне мерзімінен бұрын сайлау болмайды

Парламенттің төменгі палатасына сайлау конституциялық мерзімде өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысы барысында осындай шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Отырыста Нұрсұлтан Назарбаев партияның конституциялық мерзімде өтетін мәжіліс сайлауына дайындық жұмыстарын жандандыруға шақырды", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 16 тамыз күні елбасы Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының басшылығы жиналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811422-kazakstan-parlamentine-merziminen-bryn-sajlau-bolmajdy.html