RU
Қырғызстан Бас прокуратурасы Атамбаевты заңсыз жер иеленген деп айыптады

Қырғызстан Бас прокуратурасы Атамбаевты заңсыз жер иеленген деп айыптады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа Шу облысы Қой-Таш ауылындағы жер учаскесін заңсыз иеленген деген айып тақты, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекеттік органдардың және өзге де жекелеген лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде Алмазбек Атамбаев заңсыз иеленген, Қой-Таш ауылындағы аумағы 2,7 гектарды құрайтын жер учаскесін кеңейтіп алған", – деп мәлімдеді Қырғызстан Бас прокуратурасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel