RU
Екі аяғы жоқ Әли Тұрғанбеков "Ливерпульді" марапаттады

Екі аяғы жоқ Әли Тұрғанбеков "Ливерпульді" марапаттады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков ағылшын "Ливерпуль" және "Челси" клубтарының футболшыларымен кездесті. Бұл шара Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, еліміздің Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің басшысы Қайрат Боранбаевтың қатысуымен өтті деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

11 жастағы бала УЕФА Суперкубогын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. УЕФА президенті Александр Чеферинмен бірге Әли жеңімпаздардың жүлдесін табыстады.

Содан кейін "Ливерпуль" капитаны Джордан Хендерсон баламен қол алысып, кубокқты қайтарып берді. Әли бағалы кубокты сүйіп, ойыншыларға қайта табыстады.

Бұған дейін Әли "Ливерпуль" ойыншыларының жабық жаттығуында болды. Сапар барысында ол "қызылдар" жұлдызы Мохамед Салахпен тілдесе алды. Сондай-ақ, бала лондондық "Челси" ойыншыларымен бірнеше рет суретке түсті.

Осындай тарихи кезеңді ұйымдастыруға Александр Чеферин мен Қайрат Боранбаев қатысты. Бұл функционерлер футболды жақсы көретін Берік Әлидің үлкен арманын орындады.

Айта кетейік, УЕФА Суперкубогы матчының жеңімпазы матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында "Ливерпуль" - 5:4 ұпаймен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel