RU
Қазақстанда ҰБТ тапсыру кезінде адамның бет-әлпетін тану жүйесі енгізілмек

Қазақстанда ҰБТ тапсыру кезінде адамның бет-әлпетін тану жүйесі енгізілмек

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде электорнды ҰБТ-ға енгізілуі жоспарланып отырған жаңалықтардың бірімен бөлісті. Мәселен, адамның бет-әлпетін танитын жүйе қолданылмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Министрдің айтуынша, елмізде ҰБТ өткізіліп жатқанына көп жыл болды, алайда, заман өзгеруде және жүйеге заманауи технологиялар енгізетін уақыт келді.

Бұл жүйе тестілеудің ашықтығын, оның нәтижесі бойынша гранттардың әділетті бөлінуін қамтамасыз етпек.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында министрге тест жауаптарының электрондық кодтары қалай қорғалатыны жөнінде сұрақ қойылды.

«Қазір оқушылар ҰБТ-ны қағазбен тапсырады. Ал дұрыс жауаптардың коды тапсырылған тест қағаздарын сканерлеуден кейін ғана келеді. Кодтар орталықтан жіберіледі, олар ҰБТ өткізу орындарында болмайды», – деді Асхат Аймагамбетов.

Сондай-ақ ол жаңа жүйе бойынша тест мемлекеттік қызметке тапсыратын тесттер үлгісінде өткізілетінін атап өтті.

«Компьютерге отырып жауап бересің, соңында нәтижесін көресің. Бұл – мөлдірлікті қамтамасыз етеді», – деді министр.

Сондай-ақ ол адамның бет-әлпетін танитын арнайы жүйе болатынын атап өтті.

«Яғни, қорғаудың барлық заманауи жүйелері қолданылмақ. Бұл бізге ҰБТ тапсыру кезіндегі түрлі айла-амалдардан туатын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Асхат Аймагамбетов.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel