RU
Алматыда инсульт алған науқастың туыстары іздестіріліп жатыр

Алматыда инсульт алған науқастың туыстары іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматылық дәрігерлер жасы 50-ден асқан әйел адамның аты-жөнін біле алмағандықтан, көпшіліктен көмегіне жүгінді. Науқас инсульт алғандықтан тілі күрмеліп, анық сөйлей алмайды деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Ақ халаттылардың мәліметінше, әйел адам көктемде денесінің сол бөлігі қолымен бірге жансызданып, ауыр хәлде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Бес айдың ішінде оны артынан ешкім іздеп келмеген. Ол жарты жылға жуық Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының инсульт орталығында ем алған.

"Науқастың жағдайы ауыр. Инсульт деген диагнозбен түскен. Жедел жәрдеммен алып келгенде, қасында туысқандары, жақындары болмады. Сөйлеу қабілеті жоғалған. Сол себептен науқастың есімін біле алмадық", - дейді Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының невропатологы Олжас Ысқақ.

Қазір тұрғынның денсаулығы бірқалыпты. Үздіксіз бірнеше емдеу курсын қабылдаған соң жағдайы жақсарған. Дәрігерлердің нұсқауы бойынша ақырын қозғалып, Ольга деген есіммен атаса бұрылып қарайды.

Бүгін аты-жөні белгісіз азаматша бейімдеу және сауықтыру орталығына жіберілді.

Науқасты танитын жандар болса, орталық мамандарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel