RU
Алматы облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандарға "Ерлігі үшін" медалі тапсырылды (фото)

Алматы облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандарға "Ерлігі үшін" медалі тапсырылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 16 тамызда "Ерлігі үшін" Мемлекеттік марапатын дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына тапсырды деп хабарлайды әкімдік сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zhetysu.gov.kz

Фото: zhetysu.gov.kz

Панфилов ауданына жасаған сапарында облыс басшысы алдымен өртте жан қиярлықпен қаза тапқан Еркінбек Оспановтың шаңырағында болып, отбасына көңіл айтып, барынша қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді.

"Мемлекет басшысы “Ерлігі үшін” медалін беру туралы Жарлыққа қол қойды, осы марапаттарды табыстауды маған тапсырды. Сіздерге барша Жетісу жұртшылығының атынан қайғырып көңіл айтамын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін", - деді Амандық Баталов.
Фото: zhetysu.gov.kz

Фото: zhetysu.gov.kz

Бұдан кейін облыс басшысы орталық аудандық ауруханаға барып, өрттен зардап шеккен Ғабит Мақұстовтың денсаулық жағдайын сұрап білді. Тез қатарға қосылып, аяғынан тік тұруына тілектестігін білдіріп, оған қажетті барлық медициналық мүмкіндіктер жасалатынын атап өтті. Сөйтіп, оған "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін берді.

Ары қарай әкімдікте жиналыс болып, өртті сөндіру барысында қаза болған Айтқазы Немелтаев пен Қанат Үсембековтың отбасына да "Ерлігі үшін" медальі тапсырылды

Фото: zhetysu.gov.kz

Фото: zhetysu.gov.kz

Сонымен бірге, тілсіз жаумен күресуге белсене қатысқан азаматтарға Ішкі істер министрінің бұйрығымен "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалі берілді.

Еске салсақ, 5 тамыз күні Талды ауылдық округінде болған алапат өртті өшіру кезінде Панфилов ауданының үш азаматы мерт болып, жеті адам зардап шеккен болатын.

Ауруханаға жеткізілген жетеудің бесеуі амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне босатылған, біреуі Алматы қаласында, тағы біреуі Жаркент қаласында ауруханада ем қабылдауда.

Фото: zhetysu.gov.kz

Фото: zhetysu.gov.kz

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel