"Таңертең оянбай қалды": Алматылық Тянь-Шань тауларында қаза тапты
Опубликовано:
Тянь-Шань тауларында Алматы альпинисті Александр Чечулин қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Facebook желісіндегі "Журнал - Ветер странствий" тобының мәліметінше, алматылық тұрғын топпен бірге Тянь-Шань тауындағы Жеңіс шыңына көтерілген.
Жоғарыда ер азаматтың ауырып қалғаны белгілі болды.
"Топ шатырдың тіреуіштерін жоғалтып алды. Олар шатырға тығылып, қар құрсауында түнеп шығуға мәжбүр болды", - делінген жазбада.
16 тамыз Александр ұйқысынан оянбады.
Ер азамат кәсіби түрде альпинизммен айналысқан.
Спортшының достары мен әріптестері Александрдың жақындарына әлеуметтік желіде көңіл айтуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1811471-taerte-oanbaj-kaldy-almatylyk-tan-san-taularynda-kaza-tapty/