RU
Полицияны көлігімен сүйреген жүргізуші не себепті бұндай қадамға барғанын айтты

Полицияны көлігімен сүйреген жүргізуші не себепті бұндай қадамға барғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыда полицейді бірнеше метрге дейін көлігімен сүйреген жүргізуші бұндай қадамға не үшін барғанын айтып берді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Телеарнаның мәліметінше, 38 жастағы ер азамат қазіргі уақытта қамауда отыр.

Күдіктіні тәртіп сақшылары үш күннен кейін қолға түсіргені белгілі болды.

Көлік жүргізушісі полициядан қорыққаннан қашқанын жеткізген.

"Жауапкершіліктен қорықтым. Сондықтан осы күндері тығылуға мәжбүр болдым" дейді. Әрине, өзін арашалап қалу үшін қайдағы бір жоқты айтып әлек болады. Әйтсе де, сот міндетті түрде үкімін шығарады", -деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Телеарна тұрақ ережесін бұзып, айыппұл төлеуден жалтарған жүргізуші енді 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлап өтті.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Алматыда көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырмақ болған тәртіп сақшысын көлік жүргізушісі екі жүз метрге дейін сүйреп кетті.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel