RU
91 жастағы кейуана мен​ 61 жастағы әйел адамды өз үйінде аяусыз ұрып соққан
Жаңалықтар Қоғам

91 жастағы кейуана мен​ 61 жастағы әйел адамды өз үйінде аяусыз ұрып соққан

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Келес ауданында 1928 жылы туған әжей мен оның 1958 жылы туған қызын ер адам ұрып соққан. Күдікті 61 жастағы​ жәбірленуші әйелдің​ өгей ұлы көрінеді. Бұл туралы жәбірленуші әйелдің туған қызы айтып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оқиға Келес ауданының "Құйған-2" ауылында орын алған.

"Менің 1937 жылы туылған өгей әкем былтыр қайтыс болды. Оған дейін бір үйде 1958 жылы туыған анам екеуі ғана тұрған еді. Әкемнің өзге бала-шағасы бөлек тұратын. Олардың өз үйлері бар. Шалы қайтыс болғаннан кейін анам ол үйде жалғыз қалды.
Соны біліп анамның 1928 жылы туған шешесі қызын жалғызсыратпайын деп, баласының қолынан қызының қолына көшіп келді. Екеуі бірге тұратын. Осы 13 күні түнде сағат 10,11-лер шамасында өгей ұлы терезені бұзып кіріп, үлкен таяқпен екеуін сабап кетіпті. Не себепті ұрғанын білмеймін. Ол кісі табылған жоқ"- дейді жәбірленушнің қызы.

Жәбірленушінің қызы анасы мен өгей ұлының арасында бұған дейін де кикілжің жанжал болғанын айтып отыр.

Қазір жәбірленушілер ауруханада ем алып жатыр.

Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"15.08.2019 сағат 9:30-да 1928 жылы және 1958 жылы туылған екі азаматша жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Жабық бас - миы жарақатын алған, миы шайқалуы, мұрын сүйегіне зақым келген, кеуде қуысының жарақаты, аң табанынан жарақат алған. Екінші науқас жабық бас - миы жарақатын алған, миы шайқалуы, беті мен ба​ тұсынан бірнеше жерден жарақат алған, ауыз тұсы жарақатталған. Екі науқас та орта деңгейлі жарақат алған. Невропатолог маманның қарауында болып, кеңесін алды. Ем - домы жалғасуда,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының​ баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатыстыресми мәлімдеме жасады.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" және 149-бабы "Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, орын алған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Күдіктіге іздеу жарияланды,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметі.

Сіздің реакцияңыз
3
6
10
6
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel