RU
Әлімханұлы қаза болған ресейлік боксшыға арналған киіммен жекпе-жекке шығады
Жаңалықтар Қоғам

Әлімханұлы қаза болған ресейлік боксшыға арналған киіммен жекпе-жекке шығады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кездесуінеде шаршы алаңға қаза тапқан ресейлік боксшы Максим Дадашевтің құрметіне арнап тігілген киіммен көтеріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жекпе-жекте киетін шортыға Максим Дадашев бауырымыздың суретін тіктірттік. Жақсы адамдарды ұмытпаймыз. Бір бапкерде жаттықтық, екеуміз бір промоутерде, бір менеджерде болдық. Арамыздан кетсе де жүректе қалады! Иманды болсын!" - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетсек, Стюард Маклеллан өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне Жәнібек Әлімханұлын Борат кейпінде таныстырып, 17 тамызда Лос-Анджелесте жекпе-жекке шығатынын хабарлаған.

Бұған қатысты қазақстандық спортшы да үнсіз қалмай, канадалық қарсыласының сазайын беретінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
17
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel