RU
"Әкесі не шешесі бар": Дәрігер сәбилер үйіндегі балалардың тұл жетім емес екендігін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Әкесі не шешесі бар": Дәрігер сәбилер үйіндегі балалардың тұл жетім емес екендігін айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі "Үміт" сәбилер үйі ата-анасынан ажыраған нәрестелерден босаған емес. Жаңа туған сәбилерден бастап, 4 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленетін орталықта тұл жетім бала жоқ. Туа сала тағдырдың тауқыметін көрген бүлдіршіндер әртүрлі жағдайда түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

"Үміт" сәбилер орталығының бас дәрігері Серік Жаңылсынов барлық баланың әкесі немесе шешесі бар екенін айтты.

Оның сөзінше, кейбіреулер ажырасып, осындағы балаларына бөлек- бөлек келіп жүреді.

Дәрігер соңғы жылдары тастанды балалардың саны азайғанын алға тартты.

"Он жыл бұрын балалар үйінде 200-ден аса бала болған. Қазір 43 балаға қарап отырмыз. Жаз уақытында балалар аз болады. Ертең күн салқындағанда үш-төрт айға уақытша тастайтындар көбейеді",- деді Серік Жаңылсынов.

Ол орталықта тастанды атанған сегіз мүгедек бала бар екендігін, туа бітті мүгедек балалар көбіне босану үйінен келетінін жасырмады.

Дәрігердің сөзінше, кейде баға алмайтындарын айтып үйлерінен әкеліп тастайтындар да кездеседі екен.

Сонымен қатар баласын уақытша бағудан бас тартқандар мен қиын жағдайда қалғандардың да балалары осы жерде екен.

"Тағдырлар әртүрлі. Жас отбасылар пәтерде тұратынын, несиесін төлей алмай жүргенін айтып, балаларын уақытша тапсырады. Ата-анасы абақтыға түскендер және ішімдікке салынғандардың балалары да бізде",- дейді бас дәрігер.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
9
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel