Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атамбаевтың ұлы соққыға жығылды деген ақпарат тарады

Опубликовано:

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі елдің бұрынғы президентің ұлы Сейітбек Атамбаев соққыға жығылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство Сейітбек Атамбаев ішкі істер министрлігінің тергеу қызметіне жауап алу мақсатында 8 тамызда шақырылғанын мәлімдеді.

"Ешбір дене жарақаты жоқ. Келесі күні одан қосымша жауап алынды. Сейітбек Атамбаев аяғын қайырып алғанын айтты. Бұдан соң Манас даңғылындағы травматология бөліміне барды. Оның айтуынша, 7-8 тамыз күндері Кой-Таше ауылындағы оқиға кезінде жарақат алмаған. Шағым түсірген жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Басылымның мәліметінше, Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Сейітбек  Атамбаев қай уақытта жарақат алғанын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1811531-atambaevty-ly-zarakat-aldy-degen-akparat-ras-pa/

pixel