Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша мен митингілерге қажетті шығындар тізімі Атамбаевтың туысының үйінен табылды

Опубликовано:

Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың туысын тінту кезінде ірі ақша сомасы, сондай-ақ адамдар мен шығындар тізімі анықталды деп хабарлайды Республика ІІМ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратынша, 8-нен 9-тамызға қараған түні Атамбаевтың ұлының қайын атасынының үйінде Қой-Таштағы жаппай тәртіпсіздіктер ісіне қатысты тергеу барысында тінту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, күштік құрылымдар 8 тамыз күні Сейіт Атамбаевтың туысының үйінде сақтауға қалдырып кеткен сөмкесін тәркіледі.

Оның ішінде 170 мың сом (940 мың теңгеден астам), елді мекендері мен телефон нөмірлері көрсетілген адамдардың, сондай - ақ 2,2 млн сом (12 млн теңгеден астам) және 318 мың доллар сомасына жазылған шығындар тізімі болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, аталған сома митингілер мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларды асырауға және қаржыландыруға жұмсалды", - деп атап өтті ІІМ-де.

Министрлікте нақтылап өткендей, қазіргі уақытта тізімдерді зерттеу жүргізіліп жатыр, содан кейін шешім қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаев 8 тамыз күні қолға түсті. Бұл оның Қой-Таш кентіндегі үйін екінші рет шабуылдауынан кейін орын алды. Алғашқы операция бұған дейін бір күн бұрын өтті, алайда экс-президенттің жақтастары резиденция аумағынан арнайы жасақтың жауынгерлерін ығыстыра алды.

Қазіргі уақытта Атамбаевқа қасақана кісі өлтіру, кепілдікке алу, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруды қоса алғанда, бірқатар ауыр және аса ауыр баптар бойынша айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1811554-aksa-men-mitingilerge-kazetti-sygyndar-tizimi-atambaevty-tuysyny-jinen-tabyldy/

pixel