Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екінші жер сілкінісі орын алды

Опубликовано:

Тағы бір жер сілкінісі 18 тамыз күні Алматы облысында "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансалар желісімен тіркелді. Ол оңтүстік астана уақытымен 06: 38-де орын алды деп хабарлайды ұйымға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысының Панфилов ауданының аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 250 км қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы 10.6. MPV Магнитудасы 4.6. Тереңдігі 10 км.

Бұл жолы сезілуі туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 18 тамыз күні 05:07-де Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Оны Жаркент қаласында (4-5 балл), Талдықорған қаласында (2-3 балл), Кеген ауданы Саты ауылында (2-3 балл) сезінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1811558-almaty-oblysynda-ekinsi-zer-silkinisi-oryn-aldy/

pixel