Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын жеңіп, WBC және WBO титулдарын қорғап қалды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы қанадалық Стюарт МакЛелланды екі рет нокдаун мен нокаутқа жіберіп, кәсіби рингте кезекті жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық боксшы америкалық Лос-Анджелес қаласында өткен бокс кешіне қатысты. Әлімханұлы – МакЛеллан жекпе-жегі 10 раундқа есептелген, бірақ бесінші раундта аяқталды.

Алдымен екінші, содан кейін бесінші үшминутта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Содан кейін техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жәнібек осымен 7 жекпе-жекте 7 рет жеңіске жетті. Осылайша, боксшы WBO Global екінші дәрежелі белдеуін және WBC Continental Americas аймақтық атағын қорғай алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін канадалық Стюарт МакЛеллан Әлімханұлына әзілдемек болып оны Бораттың киіміне киіндіріп қойған. Алайда, жанкүйерлер боксшының қалжыңын дұрыс деп таппады. Ол іс-әрекеті үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811561-znibek-limhanly-kanadalyk-karsylasyn-zeip-wbc-zne-wbo-tituldaryn-korgap-kaldy-video/

pixel