RU

Ауғанстанда той үстінде жарылыс болып, 63 адам қаза тапты

17 шілде күні кешке Кабулда үйлену тойы кезінде жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, іс-шараға жүздеген қонақтар қатысты. Қазіргі уақытта 63 адам қаза тапты деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Cоңғы ақпарат бойынша, зардап шеккендер тізімінде 180-нен астам адам бар.

Tolonews хабарлағандай, өзін-өзі жарып жіберген жанкешті қайғылы оқиғаның себепшісі болды.

Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нусрат Рахими орын алған лаңкестік оқиға туралы мәліметтерді растады.

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) оқиғаға қатысы бар екенін растамады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811569-auganstanda-toj-stinde-zarylys-bolyp-63-adam-kaza-tapty.html