RU
Күйеуінің жарты жылдан бері көңілдесі барын білген аяғы ауыр келіншек мұңын шақты

Күйеуінің жарты жылдан бері көңілдесі барын білген аяғы ауыр келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Келіншек Құдай қосқан жарының жарты жылдан бері көзіне шөп салып жүргенін біліп қойған. Оның сөзінше, жұбайы бала-шағасы барына қарамастан көңілдесімен әр кеш сайын уақыт өткізген деп хабарлайды astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Әйел адам отбасылы екеніне қарамастан басқа жанмен көңіл жарастырған күйеуінің іс-әрекетіне налыды. Оның айтуынша, жұбайының көңілдесі де оның отбасылы адам екенін біле тұра осындай қадамға барған екен.

"Жуырда күйеуімнің көзіме шөп салып келгенін білдім. Аяғымның ауыр екеніне, баламыздың бар екеніне қарамастан опасыздық жасады. Тек кана опасыздық жасамай, ол қызбен жарты жыл жүріп жүрген. Мен баламызбен серуендеп жүрген кезде ол көңілдесімен қыздырып жүрген. Қыз да менің бар екенімді білген", - деді келіншек.

Опасыздыққа шыдамай төркініне кетіп қалған келіншек күйеуімен қайта қосылуға бата алмайтынын жеткізді. Ол өзіне сатқындық жасаған адамға суынып қалғанын да жасырмады.

"Екі апта бұрын төркінімнің үйіне кетіп қалдым. Екі рет қайта оралуымды сұрап, алдыма келді. Тағы бір мүмкіндік беруін сұрады. Мен оған қайта қосылсам да, оның опасыздығын ұмыта алмайтынымды білемін. Бірақ өмірде жалғыз қалып қоямын ба деп те қорқамын. Оған сенбеймін", -дейді кейіпкер.

Сіздің реакцияңыз
5
4
0
23
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel