RU
52 жастағы тұрғылықты мекені жоқ ер адам Кембридж университетінің студенті атанды

52 жастағы тұрғылықты мекені жоқ ер адам Кембридж университетінің студенті атанды

Рассказать Вконтакте

Көшеде газет сатқан бұрынғы тұрғылықты мекенжайы жоқ Джефф Эдвардс, егде жастағы адамдарға арналған Кембридж университетінің Хьюз Холл колледжіне түсті. Ол ағылшын әдебиетін оқитын болады деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Джефф Эдвардс өмірінің көп бөлігін көшеде өткізді. Ол Ливерпульден Кембриджге ауыл шаруашылығы қызметкері болып жұмыс істеу үшін келген, алайда қысқартуға ұшырап қалған.

"Мен ұзақ уақыт үйсіз және жалғыз болдым. Ақыр соңында мен Кембридж көшелерінде Big Issue газетін сата бастадым. Бұл маған өз қадір-қасиетімді қайтаруға көмектесті. Мен өз өмірімде бірдеңені өзгертуді шештім. Мен білім берудің менің проблемамды шешетінін ойлай бастадым. Кембридж аймақтық колледжіне ашық есік күніне аттандым".

Джефф оқуға түсуге мүмкіндік берген тегін дайындық курстарына түсті. Эдвардстың айтуынша, ол бала кезінен Уиндем мен Керуак секілді танымал авторлардың шығармаларын оқығанды жақсы көрген.

"Маған өте ұнады. Әрдайым біреумен сөйлесуге болады, бәрі маған жақсы қарады. Мен өз жасыма бола уайымдадым, алайда оқу өзімді жас сезінуге мәжбүрлейді. Маған жас адамдармен қарым-қатынас орнатқан ұнайды".

"Кембридж университетіне түсу менің арманым болды. Мен әрдайым шынымен жақсы көретін ісімді зерттегім келетін. Бірақ менің отбасымда университетте оқыған жоқ, сондықтан да мен бұл туралы ойланбадым. Кембридж - бұл алға деген үлкен қадам. Мен бұған қол жеткізгенімді сене алмаймын".

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
4
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel