RU
ШҚО-да бір жарым жастағы бала жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да бір жарым жастағы бала жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстандағы Средигорное ауылында 1,8 жастағы бала жоғалып кетті. Ата-анасы баланың үйдің жанында ағып тұрған өзенге құлап кетуі мүмкін деп қауіптенуде деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ustinka.kz

Фото: ustinka.kz

Үйден 20 метр қашықтықта өзен ағатыны хабарланды. Қазіргі уақытта құтқарушылар баланы іздестуру мақсатында су айдынының арнасын зерттеп жатыр.

Бала 17 тамызда жоғалып кетті.

Құқық қорғау органдары ауыл тұрғындарынан сұрастырып, шұңқырларды, қараусыз қалған құрылыстарды тексеруде.

Жергілікті Устинка LIVE басылымы хабарлағандай, жоғалған күні бала жасыл шорты мен балықтың суреті бар футболка киген.

Баланы іздестіру жұмыстарына 57 полицей, полиция департаментінің 9 қызметкері, 8 өрт сөндіруші, сондай-ақ Өскеменнен 4 іздеу иттері қосылды.

Баланы әкімдіктің 120 қызметкері мен 50 ерікті іздестіріп жатыр.

Егер сіз жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, "112" немесе "102" нөмірлері бойынша қоңырау шалуыңызды өтінеміз.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
11
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel