RU
Қазақстандық оқушы қыз АҚШ президентінің алғысына бөленді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық оқушы қыз АҚШ президентінің алғысына бөленді

Рассказать Вконтакте

12 жастағы қазақстандық оқушы АҚШ президенті Дональд Траптан алғыс алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 жаста оқудағы анасымен бірге АҚШ-қа кеткен қазақстандық қыз араға тағы 6 жыл салып елге оралды. Туыстары Жәмила Ахметованың көптеген грамоталарының арасынан АҚШ Президенті Д. Трамптың қолы қойылған алғыс хатты көріп, таңырқаған.

Аталмыш марапатта ағылшын тілінде "Үздік академиялық үлгерімі үшін" деп жазылған.

АҚШ-та Жәмила сыныптан сыныпқа жедел көшіп отырған.

Ол алтыншы сыныпты GPA 5.00 үлгерімімен аяқтап, "үздік" оқыған растайтын көптеген дипломдармен марапатталған екен.

Туысқандары АҚШ-та жақсы оқыған оқушыларға ел президентінің өзі алғыс айтатынын көріп таңғалуда.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
2
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel