RU
Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған каникул күтізбесін жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша 2019 - 2020 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мерзімі бекітілді.

Аталмыш бұйрық меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру нысандарының барлығына ортақ. Құжатқа сәйкес, биылғы оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегі басталады.

Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптар үшін 33 оқу аптасын құраса, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

"Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады" , - делінген министр бұйырғында.

Сонымен оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері төмендегідей:

1-11 (12) – сыныптарда: Күзгі каникул – 7 күнге, яғни, 2019 жылғы 28 қазан - 3 қараша аралығына жоспарланған.

Қысқы каникул – 2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ.

Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз – 2 сәуір аралығындағы 13 күнге белгіленіп отыр.

Жаңа оқу жылында 1-сынып оқушыларына қосымша каникул қарастырылған.

Олар үшін 2020 жылдың 3-9 ақпан арылғында қосымша 7 күндік демалыс белгіленген.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel