RU
Полицейді балаттаған павлодарлық тұрғын екі күнге қамалды

Полицейді балаттаған павлодарлық тұрғын екі күнге қамалды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда тәртіп сақшасын балағаттаған қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушы азаматты кінәлі деп тауып, оны екі тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарған деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы азамат масаң күйде Усолка көшесіндегі жағалауда, яғни қоғамдық орында полиция қызметкеріне былапыт сөйлеп, құқық бұзушылық жасаған.

"Сот қаулысымен қала тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және екі тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қаулы заңды күшіне енді" , - деп мәлімдеді Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel