RU
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде өз позициясын жақсартты деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жекті 5-раундта аяқтап, алғаш рет WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғап қалды.

Осы жеңістен кейін Жәнібек Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 64-орыннан 63-ке көтерілді. Оның қарсыласы Стюарт МакЛеллан бұдан бұрын бірінші орта салмақта өнер көрсеткен. Соңғы жеңілісінен кейін ол бір сатыға төмендеп, өз дәрежесінде 258-орынға түсті.

Айта кетейік, BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде барлығы 1580 боксшы көрсетілген.

Бұл тізімде біздің екі отандасымыз бар: Олар рейтингте екінші орында тұрған Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және 32-орында Қанат Ислам (26-0, 21 КО).

Ал көш басында– WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарының иегері, мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) болса, үздік үштікті – америкалық Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) тәмамдап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel