RU
Айсәуле Бақытбек енесінің туған күнінде ерекше тосын сый жасады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек енесінің туған күнінде ерекше тосын сый жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Айсәуле Бақытбек енесін туған күнімен қалай құттықтағанын көрсетті. Танымал продюсердің қызы екінші анасына ерекше әрі естен кетпес тосын сый жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Туған күндегі тосын сыйдың видеосын Айсәуле өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбадан жиылған бір топ қонақтың туған күн иесінің түрі бейнеленген бетпердемен тұрғанын көруге болады.

Көпшілік танымал арудың енесін түнгі сағат 00:00-ден кейін құттықтап, ерекше көңіл күй сыйлаған.

Арнайы туған күн иесі үшін жалданған мейрамханаға анасының көзін байлап, ұлы алып кірген.

Жұлдызды отбасыдан қыз алған үйдің отанасы көзін ашқанда өзінің бетпердесімен тұрған адамдарды көріп қатты таңғалған.

Алғашқылардың бірі болып келіншекті келіні мен құдағиы құшақтап, өз тілегін білдірген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
2
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel