RU
"Өте ұяң едім": Байзақова шашбау тағып жүрген күндерін еске алды (фото)

"Өте ұяң едім": Байзақова шашбау тағып жүрген күндерін еске алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Елге ашық-шашық образдарымен танылған Айжан Байзақова жұрттан жасырған құпиясымен бөлісті. Блогер осыдан біраз жыл бұрын Мәскеу төрінде шашбауы сыңғырлап жүрген күндерін еске алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байзақова. Фото: Блогердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Байзақова. Фото: Блогердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Атышулы ару Instagram парақшасында кезінде актриса болуды армандап, түрлі кастингтерден өткенін айтып берді.

Бір жолы тіпті еліміздің талай танымал актрисасы бағын сынаған киноның басты рөліне де таңдалынған.

"Менің өткен шағымның құпияларын кім біледі?! Кезінде танымал актриса болуды армандап, анаммен түрлі кастингтерге қатысқанмын. Телесериалдарға да түстім.
Бірде мені Мәскеуге киноға шақырды. Талай танымал актриса келген кастингтен фильмнің басты рөліне мені таңдады. "Сынақ" атты фильмнің режиссері Павел Чухрай екен. Өкінішке орай, Семейдегі ядролық сынақ кезі мен осы ауыр кезеңдегі махаббат оқиғасы баяндалатын фильм аяқталмай қалды.
Фильмнің түсірілімі аяқталмай қалған кезде, маған арманымның күлі көкке ұшқандай көрінді. Алайда өмір маған мүлде басқа жолмен танымал болуды бұйыртыпты
Мен сол уақыттарда өте ұяң едім. Ұлттық бұйымдарды қастерлеп, шашыма үнемі шашбау тағып, сыңғырлатып жүретінмін. Сондай-ақ төсек қатынасы көрсетілетін кадрлар мен сүйісетін сәті бар фильмдерден бас тартатынмын", - деп жазды Байзақова.

Сіздің реакцияңыз
7
2
5
3
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel