RU
"Екінші рет қателесуге құқығым жоқ": Түсіпбаеваға сүйіктісі ұсыныс жасады

"Екінші рет қателесуге құқығым жоқ": Түсіпбаеваға сүйіктісі ұсыныс жасады

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана 48 жасқа толған Меруерт Түсіпбаеваға сүйгені тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Өнер иесі өзіне бір құшақ гүл мен сақина сыйлаған ер азаматтың кім екенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түсіпбаева. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Түсіпбаева. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әнші өзіне сақина ұсынған азамат жайлы "31" арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасында баяндады.

Телеарнаның мәліметінше, әншіге ұсыныс жасаған ер адамның жұбайы жоқ. Балалары бар. Алайда өнер иесі ер азаматтың ұсынысын қабыл алмаған. Түсіпбаева ол кісіні бір жыл бойы сынап көрмек.

"Ол кісі өте салиқалы жұмыста. Ол кісіге ойлан дедім. Әртіспен өмір сүру оңай емес. Мен өз басым, екінші рет қателесуге құқығым жоқ. Өз балам үйленетін жасқа келгенде, ақ көйлек киіп той жасауым мүмкін емес. Ол тіпті талқыланбайтын тақырып.
Өзімнің туған күнімде ұсыныс жасалынды. Егер сезіміміз берік болатын болса, келесі туған күнімде тек мешітке барамыз", - дейді Меруерт Түсіпбаева.

Сондай-ақ әнші өзінің мінезді әйел екенін де жасырмады.

"Менің мінезім өте нашар ғой. Ол кісі мені түсінуі керек. Менің жұмысымды түсінуі керек. Кішкентай мемлекетте бәрі болуы мүмкін.
Қазір қол ұстасып, қалған өмірді тек қана сыйласып бірге өткізу. Ол кісіде де, менде де бәрі бар", - дейді Түсіпбаева.

Сіздің реакцияңыз
8
2
1
0
0
27
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel