RU
Атамбаевтың ұлы тұтқындалған мүліктердің жалған екенін мәлімдеді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Атамбаевтың ұлы тұтқындалған мүліктердің жалған екенін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Қамауда отырған Қырғызстан бұрынғы президентінің ұлы Қадырбек Атамбаев елдің Бас прокуратурасы жариялаған отбасының тұтқындалған мүліктерінің тізімін фейк деп атады. Бұл туралы жас жігіт өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қадырбек Атамбаев. Фото: facebook.com/kadyratambaev

Қадырбек Атамбаев. Фото: facebook.com/kadyratambaev

Алмазбек Атамбаевтың кенже ұлы отбасының тұтқындалған мүліктері мәселесінде Бас прокуратураның "халықты әдейі алдап отырғанын" алға тартты.

"Алмазбек Атамбаевқа және оның отбасы мүшелеріне тиесілі делінген 120 бірлік мүлік жөнінде мәлімдеме жасағым келеді. Біздің отбасы мүшелеріне тіркеп қойған (дүниелер), шын мәнінде, бізге тиесілі емес. Ал мұндай медиа кеңістікке таратылған жалған ақпараттарды биліктің қара пиары деп есептеймін", – дейді Қадырбек Атамбаев.

Оның мәлімдеуінше, жарияланған 120 бірлік мүліктің 101-і Атамбаев пен оның отбасы мүшелеріне тиесілі емес деп билік өкілдерінің өздері айтқан.

"Бас прокуратураның 1996 жылы зауыт жұмысшыларына сатылып кеткен пәтерлерді біздің атымызға жазып қоюы қисынсыз әрекет. Бұл жалған тізімге таңырқадым, онда тіпті, Нариман Тюлеевтің банкінде біздің қаражатымыз бар делінген", – дейді экс-президенттің ұлы.

Оның айтуынша, шындығына келгенде 2002 жылдан бері "Қырғызстан" коммерциялық банкінде жатқан шот қана бар.

Қадырбек Атамбаевтың ойынша, Бас прокуратура жай ғана Қырғызстанның барлық банктерін тізіп шығуға шешім қабылдаған секілді. Тіпті, Пәкістанның ұлттық банкінің филиалдарын да қосқан.

Сондай-ақ ол Бас прокуратураның аталған тізімге сот шешіміне дейін алынып қойған автокөліктерді де қосқанын атап өтті.

"Джалал Абадта "Апрель" телеарнасының ешқандай мүлкі жоқ, сондай-ақ банкте де ұяшығы жоқ. Телеарнаға тиесілі ешқандай радио, болмаса теле орталықтың жоқ екенін жауапкершілікпен мәлімдеймін", – деді Атамбаевтың ұлы.

Сондай-ақ ол Телерадиоұйымдар қауымдастығының бұлардың отбасына тиесілі емес екенін жеткізді. Аталған ұйымның құрамына көптеген қырғыз телеарналары кіреді.

"Қой-Таштағы үйден басқа мүліктердің барлығы Алмазбек Атамбаев президент болмай тұрып, біраз уақыт бұрын алынған. Тізімде тіпті, 1985 жылы қайтыс болған атамыздың тұрғызып кеткен үйі де бар", – дейді Қадырбек Атамбаев.

Ол сондай-ақ Қырғызстанның дамуына әкесі көптеген жеке қаражатын салғанын, оның 90-жылдардан бері бизнеспен айналысқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Қырғызстан Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың тұтқындалған мүліктерінің тізімін жариялады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel