RU
Құмар ойынға салынған отбасылы азаматқа ғашық болған ару мұңын шақты

Құмар ойынға салынған отбасылы азаматқа ғашық болған ару мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

20 жастағы бойжеткен жұмыс орнына өзінен он жас үлкен азаматың келіп, оған көз қырын салып жүргенін сөз етті. Оның айтуынша, ер адам қыздың телефон нөмірін сұрап, кездескісі келеді екен. Алайда, ол құмар ойынына тәуелді азаматпен қосылудың қажеті бар ма деген сраққа жауап іздейтінін айтты деп хабарлайды Instagram-дағы astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

20 жастағы ару құмар ойындары ойнатылатын жерде жұмыс істейді екен. Оның сөзінше, ол жиі келетін қонақты бір көргеннен ұнатып қалған.

"Жасым 20-да, казинода жұмыс істеймін. Соңғы кездері жасы 30-ға таяған ер адам жиі қонақтайтын болды. Өзі сымбатты, ақылды, ересек, тартымды. Мен үшін мінсіз жан! Алғаш көргеннен бері оны ұнатып қалдым. Ол да маған көз қырын салып жүр", - дейді ару.

Бойжеткен өзіне серт бергендіктен, жұмыс орнына келіп тұратын қонақпен көңіл қоспауға тырысқан. Алайда ер адам арудың телефон нөмірін сұрап, онымен танысуға талпыныпты.

"Үнемі телефон нөмірімді сұрайды, ал мен бермей жүрмін. Себебі өзімнің жеке ұстанымдарым бар. Жұмысқа алғаш тұрғаннан бері өзіме ешкіммен қарым-қатынас құрамаймын деп уәде бергем. Оның үстіне ұнатқан адамымның құмар ойындарына тәуелді екенін білемін ғой.
"Сондай-ақ, о баста неке жүзігін тағып келетін. Соңғы күндері ол да қолынан көрінбей кетті. Не істесем болады. Бір жағынан онымен танысып, сөйлескім келеді, алайда қорқынышым басым", - деп жан сырын ақтарды кейіпкер.
Сіздің реакцияңыз
21
8
4
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel