RU
Қатерлі ісікке шалдыққан бокс бапкеріне шұғыл түрде көмек қажет

Қатерлі ісікке шалдыққан бокс бапкеріне шұғыл түрде көмек қажет

Рассказать Вконтакте

Бокс жаттықтырушысы Арафат Қазбекке соңғы cатыдағы қатерлі ісік диагнозы қойылды. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында спортшының досы Алтай Даумов хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өмір бойы бокспен айналысып жүрген жас әрі мықты жігіттен онкологиялық дерттің соңғы сатасы табылады деп кім ойлаған? Мен де сенбедім. Шынымды айтсам әлі де сенгім келмейді. Дәрігерлердің анализінен кейін енді Арафатқа ең маңызды айқас - өмір үшін күресуге тура келеді", - деді ол.

Спортшының досы Арафаттың еміне 50 мың доллар қажет екенін алға тартты.

"Мен достарыма ешқашан бұндай өтініш айтқан емеспін. Бірақ бұл жолы құр отыра алмадым. Себебі ол мен үшін бірінші кезекті ақкөңіл, үлгілі адам. Біз көп уақытты бірге өткіздік деп айта алмаймын.
Сырқатсыз-ақ, себептер көп болса да, Арафаттың бірде-бір рет нашар көңіл күйде жүргені есімде жоқ. Бұндай мықты адамдар әдетте барлық қиындықты жеңіп шығады", - деді Даумов.

Айта кетейік, Арафат Қазбек бокс бойынша спорт шеберіне үміткер болып табылады.

Қазіргі уақытта ер азамат бапкерлік жолда қызмет етуде.

Қол үшін беремін деушілерге реквизиттер:

+7-707-700-05-92 - Kaspi Gold, Qiwi кошелек

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel