Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тянь-Шань тауында қалып қойған алматылық альпинистердің туыстары көмек сұрауда

Опубликовано:

Тянь-Шань тауының Победа шыңында тұрып қалған алматылық Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев есімді екі альпинистің туыстары қазақстандықтардан көмек сұрады. Оларға іздестіру-құтқару тобына кіруге дайын кәсіби альпинистер қажет деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ.

Андрей Корнеев және Мұрат Өтепбаев. Фото: instagram.com
Андрей Корнеев және Мұрат Өтепбаев. Фото: instagram.com: UGC

Мұрат Өтепбаевтың қызы Айгүл Instagram парақшасында әкесі мен Андрей Корнеев және Александр Чечулин (бұған дейін екіншісінің өкпе қабынуынан қайтыс болғаны белгілі болды) есімді әріптестерімен Победа шыңында қар құрсауында қалағынын хабарлады.

Шамамен биіктігі - 6600 метр.

Алматылықтар ауа райының қолайсыздығы мен қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығынан жерге түсе алмауда екен. Байланыс та жоқ.

Айгүлдің сөзінше, қырғыз құтқарушылары Ми-8 тік ұшағымен қазақстандықтардың шамамен орналасқан орнын аралап шыққан, алайда, оларды таппаған.

Қазіргі уақытта күрделі климаттық жағдайларға байланысты операцияны тоқтату мәселесі қаралып жатыр.

Мұраттың қызы әкесінің альпинизм бойынша 13 жылдық тәжірибесі бар спорт шеберіне үміткер әрі төрт баланы тәрбиелеп отырған адам екенін айтты.

Альпинист-әріптестерінің пікірінше, аталған учаскеге жылукөру мен pulsar trail xp50 жылу көздеуш құралдарымен бірге жаяу іздеу-құтқару тобын, сондай-ақ 6000 метрден астам биіктікке көтерілуге қабілеті жететін заманауи тікұшақтарды жіберуге болады.

Мұндай қару-жарақтар ҚР Қорғаныс министрлігінде болуы мүмкін.

Айгүл әкесінің әріптестерін топтың құрамына кіріп, оның үйіне аман-есен оралуына көмектесуін сұрады.

"Мен - Мұрат Өтепбаевтың қызымын, әкемнің мықты екенін және бізді жалғыз қалдырмайтынын білемін. Сондай-ақ, менің әкем де іздестіру-құтқару топтарының қатысушысы, ол жоғалған альпинистерге көмектесуге бірінші болып ат салысты", - деп өтініш білдірді бойжеткен.

Оның сөзінше, отбасы барлық шығынды өтеуге және экспедиция қатысушыларына сый беруге дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811683-tan-san-tauynda-kalyp-kojgan-almatylyk-alpinisterdi-tuystary-kmek-srauda/

pixel