RU
Әсет Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Әсет Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Үкіметтің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Әсет Ирғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау  институтын, Швецияда халықаралық бизнес мектебін, 2009 жылы — Йорк университетін және 2010 жылы — Ноттингем университетін тәмамдаған.

Мамандығы — экономист. Мемлекеттік – қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Ол еңбек жолын 2010 жылғы қыркүйек айында Лондондағы Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) экономика департаментінде Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың аймақтық талдаушысы ретінде бастаған.

2011 жылғы қазан айынан 2012 жылғы қараша аралығында осы департаментте Бас өңірлік талдаушы болып қызмет атқарған.

2011 жылғы қараша айында банктің өңірлік экономисті болып еңбек еткен.

2013 жылғы қаңтарда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры лауазымында жұмыс істеді. Аталған құрылымда Ирғалиев 2016 жылдың басына дейін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары, вице-президент қызметтерінде еңбек етті.

Ол 2016 жылыы ақпан айында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасына қызметіне келді.

2016 жылғы қазан айында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, 2016 жылғы желтоқсанда премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалған.

2017-2018 жылдары премьер-министр кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі, 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурыз аралығында ұлттық экономика вице-министрі қызметін, 2019 жылғы наурыздан қазіргі таңға дейін премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет кеткен. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel