RU

Алматыда видеоблогерлер Головкиннің құрметіне қызықты флешмоб өткізді

Алматыда #ЖаманЕмес YouTube каналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдау мақсатында флешмоб өткізді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр: Facebook

Видеоблогерлер оңтүстік астананың көшелдеген плакат ұстап шығып, өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің реакцияларын бақылады.

Автотізгіншілердің көбісі чемпионды қолдап, сигналдарын басқан.

Авторлардың сөзінше, олар алматылықтардан аса жоғары белсенділік күтпеген екен.

Естеріңізде болса, видеоблогерлер отандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне де осыған ұқсас акция өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811698-almatyda-videoblogerler-golovkinni-krmetine-kyzykty-flesmob-bastady.html