RU
"Өз орнын білсін": Ақбота Керімбекова жанұяға қатысты бірнеше кеңес берді

"Өз орнын білсін": Ақбота Керімбекова жанұяға қатысты бірнеше кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы, нәзік даусымен көптің ықыласына бөленген әнші Ақбота Керімбекова қазіргі жанұяларға қатысты өз пікірін білдірді. Сахна еркесі бүгінде ер азаматтар мен нәзік жандылардың орны ауысып кеткенін алға тартты. Бұл туралы "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Әнші адам мен заманның өзгергеніне қарамастан, мейірімнің бар екеніне сенемін дейді.

"Адам өзгеріп жатыр ғой. Санасы да, ойы да. Әйелдің еркек болып, еркектің әйел болып кеткен заманы болды қазір. Бірақ, дегенмен де әлі жер бетінде мейірім бар. Әлі тіршілік жалғасуда",- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Керімбекова жақсы жанұялардың көбеюі үшін еркек пен әйелдің қандай болу қажеттігін айтты.

"Әркім өз орнын білу керек, болды. Осы күнге дейін түйгенім, әйел әйелдің орнын, еркек еркектің орнын білу керек. Сол кезде дұрыс отбасы болады деп ойлаймын. Шариғат бойынша болсын, салт-дәстүр бойынша болсын, еркек өз міндетін атқарса, әйел өз міндетін атқарса, жақсы отбасылар көбейеді деп ойлаймын",- деп қорытындылады эстрада жұлдызы.
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel